Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:47

Ресей Украинаға 1000 адамның мәйітін тапсырды – Киев тексеріс жүргізеді

Ресей
Фото: из открытых источников

Ресей Украинаға «украиналық әскери қызметкерлерге тиесілі» деп мәлімдеген 1000 адамның мәйітін тапсырды. 

Жақын күндері украин құқық қорғау органдарының тергеушілері мен ІІМ-нің сараптамалық мекемелері мәйіттерді идентификациялау жұмысын бастайды. Сараптама Ресей ұсынған мәліметтердің рас-өтірігін анықтауы тиіс.

Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі де ақпаратты растап, Мәскеудің Украинадан 30 ресейлік әскери қызметкердің сүйегін алғанын хабарлады. Бұл деректі Мемдуманың депутаты, Украинадағы соғыс мәселелері жөніндегі парламенттік топ мүшесі Шамсаил Саралиев те растаған.

Ресей мен Украина арасындағы тұтқындар мен мәйіттер алмасу туралы келісім маусым айында Стамбұлдағы келіссөздер нәтижесінде жасалған.

Соңғы айларда бірнеше ірі алмасу өтті:

23 қазан күні Украина тағы 1000 адамның мәйітін алды, Ресей – 31 мәйітті.

18 қыркүйекте Мәскеу қайтадан 1000 мәйітті тапсырды, Киев – 24 мәйітті берді.

Алайда маусым айындағы алғашқы алмасудан кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тапсырған 20 мәйіттің ресейлік әскерилерге тиесілі болып шыққанын айтқан еді. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Тұтқындар алмасу жалғасып жатыр

Екі ел тек мәйіттерді ғана емес, сонымен бірге тірі әскери тұтқындарды да алмастырады.

Қазан айының басында тараптар бір-біріне 185 әскери тұтқынды қайтарды.

Сол күні 20 украин азаматы Ресейге беріліп, 20 ресейлік азамат Украинаға қайтарылды.

Бұған дейін, 24 тамызда, екі ел 146 әскери тұтқынды алмастырған, сондай-ақ ақпан айынан бері Сума облысында болған Курск облысының 8 тұрғыны Ресейге қайтарылған.

Тегтер: