Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:07

Ресей Украинаға зымырандар мен дрондармен соққы жасады

Украина
Фото: Украинаның мемлекеттік төтенше қызметі

Ресей Украинаға зымырандар мен дрондармен соққы жасады. Львовта бір адам қаза тапты, Закарпатьеде 12 адам жараланды.

Ресей армиясы қанатты зымырандармен Закарпатье облысының Мукачево қаласындағы кәсіпорындардың біріне соққы берді. Салдарынан қоймалар қирады. Бұл туралы облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Мирослав Билецкий хабарлады.

21 тамыз таңғы дерек бойынша, 12 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.

Мукачево әкімі Андрей Балоганың айтуынша, «қала мен ауданның мыңдаған тұрғынын жұмыспен қамтыған» азаматтық нысан нысанаға алынған. «Страна Политика» басылымының жазуынша, соққы Flex электроника зауытына тиген.

Львовқа да шабуыл жасалды

Ресей дрондары мен қанатты зымырандары түнде Львовқа да соққы бергенін қала мэрі Андрей Садовой растады.

Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, жарылыстар қала аудандарының бірнеше жерінде тіркелген. Жеке үйлерге, тұрғын емес ғимараттарға және көліктерге зақым келген.

Шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жараланды. Львов облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Максим Козицкийдің сөзінше, жарылыстың соққы толқыны ондаған үйге зақым келтірген.

Тегтер: