Бүгін, 10:01
Ресей зауытында екі қазақстандық қаза тапты
«Северсталь» компаниясына кіретін Череповец металлургиялық комбинатының өндірістік алаңында екі қазақстандық мердігер қызметкердің мәйіті табылды.
Олардың өліміне нақты себептер әлі анықталып жатыр.
«14 қаңтарда ЧерМК өндірістік алаңында Қазақстан азаматтары, мердігер ұйымдардың екі қызметкері, тірі белгілері жоқ күйде табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері тергелуде, арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің туыстарына көңіл айтамыз», - деп хабарлады «Северсталь».
Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр, Ресей СК тергеушілері жағдайды анықтамақ.