Ресейде дрон шабуылдарын түсіргендерге айыппұл салына бастады

«Коммерсант» басылымының 8 маусым жексенбі күні хабарлауынша, Ресейдің 12 өңірінде украин дрондарының шабуылдарының салдарын видеоға түсіріп, жариялаған журналистер мен жергілікті тұрғындарға айыппұл салынып жатыр.
Бұл норма көптеген өңірлерде енгізілгенімен, іс жүзінде әлі қолданылмаған.
Мысалы, Калуга облысында аймақтық жедел штабтың дрондардың құлауы мен шабуылдары туралы ақпаратты таратуды шектеу жөніндегі тыйымын бұзғаны үшін 42 хаттама учаскелік соттарға жіберілген. Бұл істердің екеуіне бұқаралық ақпарат құралдары тартылған. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандарға 3 000-нан 200 000 рубльге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Мамыр айының соңында Тула облысының бір тұрғыны украин дрон шабуылын видеоға түсіріп, Telegram арнасына жариялағаны үшін 25 000 рубль айыппұл төлеген.
«Коммерсант» атап өткендей, дәл осындай шектеулер енгізілген өзге аймақтарда бұл норма іс жүзінде қолданылып жатқан жоқ.
Қай аймақтарда тыйым салынған:
Қазіргі уақытта дрон шабуылдарын түсіруге және жариялауға ресми түрде тыйым салынған өңірлер:
-
Астрахань облысы;
-
Владимир облысы;
-
Волгоград облысы;
-
Иваново облысы;
-
Курск облысы;
-
Ленинград облысы;
-
Тверь облысы;
-
Адыгея Республикасы;
-
Қалмақ Республикасы;
-
Санкт-Петербург;
-
Калуга облысы;
-
Тула облысы.
Федералдық деңгейде тыйым салынған жоқ. 2023 жылы Ресей сенаторлар тобы әскери сипаттағы мәліметтерді, соның ішінде дрон шабуылдарының видеоларын таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастыратын түзетулер пакетін дайындаған болатын.
Алайда 2024 жылдың наурызында «Коммерсант» басылымы хабарлағандай, Ресей президенті әкімшілігінде бұл бастаманы Мемлекеттік Думаға ұсынбау жөнінде шешім қабылданған. Себебі, олар ақпараттың қауіпсіздігін қорғау мен сөз бостандығы арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызын атап өткен. Сонымен қатар мұндай тыйымдар ресейлік әскери тілшілердің (военкорлар) қызметіне зиян келтіруі мүмкін еді.