Ресейде екінші сынып оқушылары тізерлеп отырып Путиннің атын жазып, туған күнімен құттықтады
Губкинский қаласындағы бастауыш мектептің екінші сынып оқушылары тізерлеп отырып «P», «U», «T», «I», «N» әріптерін жазып, Путинді туған күнімен құттықтады.
«Не норма» telegram арнасының ақпаратынша, «У» әрпіне келгенде «Единая Россия» партиясының бастауыш филиалының штаттан тыс хатшысы, мұғалім Надежда Мещерякова өзі тізерлеп отырған.
Бүгінде ондаған мектеп пен балабақшада балалар Путинді туған күнімен құттықтауға мәжбүр. Путиннің портреттері бар «стандартты» бейне құттықтаулардан басқа, балаларға ақпараттық сағаттар мен «Ресейдің ұлы адамы» тақырыбындағы маңызды нәрселер туралы әңгімелер айтылды. Шара соңында балалар «президент туралы білімдерін көрсететін» тест тапсыруға мәжбүр болды, деп жазады арна.
«№2 Мангушская мектебі» мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Путиннің цитаталары жазылған стендтерді безендірген. №2 орта мектеп қалалық білім беру мекемесінің жоғары сынып оқушылары президентке құттықтау ретінде Стас Мордың «Бірінші бол!» әніне биледі. Ал, «Большелеушинский орта мектебі» коммуналдық бюджеттік білім беру мекемесінде «Біз біргеміз» акциясын өткізіп, оқушылары Украинаға қарсы соғысқа қатысушыларға лимон кесіп, кептіріп берді.
Арна жазуынша, бұл Путиннің туған күніне орай ұйымдастырылған шаралардың аз ғана бөлігі.
Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин 7 қазан күні 72 жасқа толды.