Бүгін, 14:43
Ресейде генерал-лейтенант Алексеевке қастандық жасаған киллер ұсталды
Генерал-лейтенант Владимир Алексеевке қастандық жасаған деген күдікке ілінген адам ұсталды. Бұл туралы Украинаның бұрынғы халық депутаты, саясаткер Олег Царёв хабарлады.
«Қазір Дубайдан жеткізіліп жатқан киллер де, оның сыбайласы да ұсталды», — деп жазды Царёв өзінің Telegram-арнасында. Күдіктіні ұстау операциясына бірнеше елдің арнайы қызметтері қатысқан.
Бұған дейін, 6 ақпанда, Владимир Алексеевке қастандық жасалғаны хабарланған болатын. Белгісіз адам генерал-лейтенантты баспалдақ алаңында аңдып тұрып, оның арқасына бірнеше рет оқ атқан. Жараланған Алексеев қаладағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан.
Дәрігерлердің мәліметінше, комадан шыққаннан кейін Алексеев есін жинап, сөйлей алатын күйге жеткен.
Оқи отырыңыз