Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:41

Ресейде қазақстандық азаматқа соғысқа қарсы ұран айтқаны үшін айыппұл салынды

1
Фото: Медиазона телеграм арнасы
Санкт-Петербург соты 52 жастағы Қазақстан азаматы Нұрлан Ақынжановты Ресей армиясын "дискредитациялады" деген айыппен 30 мың рубль көлемінде айыппұл салды.

 Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Тікелей эфирге баса-көктеп кіріп, соғысқа қарсылық білдірген

Оқиға 30 қарашада кешке болған. Нұрлан Ақынжанов қалалық "Шок" радиостанциясының студиясына рұқсатсыз баса-көктеп кіріп, сол сәтте өтіп жатқан эфирге араласқан. Эфирде Z-бағыттағы "Вече" баспасының редакторы Глеб Стафеевпен сұхбат жүріп жатқан.

Стафеевтің айтуынша, Ақынжанов:

  • Украинадағы соғысқа қарсы пікір айтқан;
  • "Украина – бауырлас ел" деп мәлімдеген;
  • Ресей президентінің саясатына қарсылығын білдірген;
  • "Президентпен келісуге болады, әйтпесе Мәскеуге атом бомбасы ұшады" деген мазмұнда сөздер айтқан.

Стафеев оның студияға кіргенде "жарылыс болады" деп қорқытқанын да алға тартқан.

Армияны «дискредитациялау» бабы бойынша жауапқа тартылды

Полиция Ақынжановқа Ресей Қылмыстық кодексіндегі "армияны дискредитациялау" туралы бап бойынша хаттама толтырды. 9 желтоқсанда сот оны 30 мың рубль айыппұл төлеуге міндеттеді.

Сот отырысына Ақынжановтың өзі қатыспаған.

Бұған дейін де радиостанцияларға кіруге әрекеттенген

Жергілікті "Фонтанка" басылымының хабарлауынша:

Қазан айында құқық қорғау органдары Ақынжановты «Питер FM» радиосының кеңсесінде ұқсас әрекеті үшін ұстаған. Оған дейін тағы бір радиостанция ғимаратына кіруге тырысқан, бірақ күзет өткізбеген.

"Шок" радиосындағы оқиғадан соң БАҚ-та: "Ақынжановты ФСБ қолға алған, ол абақтыда отыр, оған «теракт дайындау» және «армияны дискредитациялау» баптары бойынша айып тағылды" деген ақпарат тараған.

Алайда құқық қорғау органдары да, сот пресс-қызметі де теракт ісі жөнінде ресми мәлімет берген жоқ және оның қамауда отырғанын растамаған.

Тегтер: