Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 18 Ақпан 2026

Ресейде қазақстандық рэпер Ганвестке қатысты іс қозғалды

Ганвест
Фото: ашық дереккөз

Санкт-Петербург қаласында «Қауіпсіз интернет лигасы» ұйымының басшысы Екатерина Мизулинаның өтінішінен кейін қазақстандық рэпер Ганвесттің шығармашылығына байланысты әкімшілік іс қозғалды.

Бұл туралы РФ ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасының ресми жауабында айтылған.

Н

Құжатқа сәйкес, есірткі айналымын бақылау басқармасы орындаушының ән мәтіндерінде есірткіге қарсы заңнаманы бұзу белгілері болуы мүмкін деген өтінішті қараған. Материалдар «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жарияланған.

ІІМ хабарлауынша, әкімшілік құқықбұзушылық ісі қозғалған тұлға анықталған және әкімшілік тергеу жүргізілуде. Ән мәтіндері психологиялық-лингвистикалық сараптамаға жіберілген. Сараптама есірткі құралдарын насихаттау белгілерінің бар-жоғын анықтауы тиіс. Қазіргі уақытта сараптама қорытындысы жоқ, музыкантқа қатысты хаттама әлі толтырылмаған.

Егер заңбұзушылық анықталса, Ганвестке 5 мың рубльге дейін айыппұл салынуы және оның музыкалық туындылары цифрлық платформалардан алынып тасталуы мүмкін.

2025 жылдың соңында ол Нурлан Сабуровтың «Что было дальше?» шоуына қатысқан.

6 ақпанда Сабуров Дубайдан келгеннен кейін Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталды. Оған Ресейге 50 жыл мерзімге кіруге тыйым салынғаны туралы құжат табысталған.

БАҚ мәліметінше, мұндай тыйымға арнайы әскери операцияны сынға алу, сондай-ақ көші-қон және салық заңнамасын бұзу туралы болжамдар себеп болуы мүмкін. Комик бұл айыптауларға қатысты жария түрде түсініктеме берген жоқ.

8 ақпанда Сабуров Instagram желісінде алғаш рет пікір білдіріп, жағдайды көпшілік алдында талқыламайтынын және барлық сұрақтарды заңгерлеріне тапсырғанын мәлімдеді.

Тегтер: