Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:15

Ресейде Украинаға қарсы соғысқа қатысушылар жеңілдетілген ипотека ала алмайды

1
Фото: Sergei Fadeichev/ITAR-TASS/IMAGO

Ресейдің Қаржы министрлігі Мемлекеттік Дума депутаттарының Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысушыларды жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасын енгізу туралы бастамасын қабылдамады.

Ресейдің Қаржы министрлігі Мемлекеттік Дума депутаттарының Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысушыларға жылдық  2 пайыз болатын жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасын қабылдау туралы бастамасын қабылдамады.

24 желтоқсан, сейсенбіде РИА Новостиге сілтеме жасаған Қаржы министрінің орынбасары Иван Чебесковтың жауабында қолданыстағы бағдарламалар «ипотекалық несиелендіру нарығында айтарлықтай теңгерімсіздікке әкеліп соқтырды» және мерзімі бірнеше рет ұзартылғаны айылған. 

«Бұл... алдымызға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізуге, ең алдымен, азаматтардың баспана сатып алу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік бермейді», - дейді министрлік. 

Сбербанк негізгі ипотекалық бағдарламалар бойынша мөлшерлемелерді арттырды

15 қарашадан бастап Сбербанк негізгі ипотекалық бағдарламалар бойынша мөлшерлемелерді 3,5 пайызға көтерді. Мәселен, салынып жатқан тұрғын үйге берілетін несиенің ең төменгі мөлшерлемесі 28,4 пайызды, дайын тұрғын үйге – 28,1 пайызды құрады.

15 қарашадан бастап Сбербанк те отбасылық ипотекалық бағдарлама бойынша несиеге өтініш беру кезінде мемлекет белгілеген лимиттен жоғары орташа мөлшерлемелерін 1-2,5 пайызға көтерді.

Мәскеу, Мәскеу облысы, Санкт-Петербург және Ленинград облыстары үшін ең төменгі мөлшерлеме 13,5 миллион рубль несие сомасына 11,8%-ға дейін өсті. Несие сомасы жеті миллионнан асатын өзге өңірлер үшін бұл көрсеткіш 12,9 пайызды құрады.

«IT үшін ипотека» бағдарламасы бойынша 10,5 миллион рубль несиенің мөлшерлемесі 13%-ға дейін өсті.

Тегтер: