Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:50

Ресейден жеткізілетін энергияның құны тым жоғары - энергетика министрі

Энергетика министрі
Фото: ашық дереккөз

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның Ресейден электр энергиясын қымбат бағамен сатып алып жатқанын растады.

Энергетика мәселесі талқыланған мәжілістегі жиында Ақкенженов импорт жайлы былай деді:

- Біз қазір электр энергиясының дефициті барын мойындауымыз керек. Екі жыл бұрын дәл қазіргідей қажеттілік қатты сезілмейтін. Бүгінгі таңда сағатына 2 млрд клВТ-дейін жетпей жатады. Біз оны Ресей тарапынан сатып алып отырмыз. Шын мәнінде, сатып алу құны кейде тіптен өте жоғары болып кетеді. Себебі біз бір тәулік алдында аларда кей жағдайда тоқ ең көп қажетті кезеңде сатып алып жатамыз. Демек, баға да содан артып кете береді. Баға келешек тіптен жоғары болып кетпес үшін бізге өзіміздің генерацияны дамыту керек. Егер инвесторлар болмаса, мемлекет тағы да Ұлттық қорға жүгінеді. Оның үстіне сала капиталды қажет етеді. Егер біз жаңа энергоблоктардың құрылысы жөнінде айтар болсақ, инвестициялар 700-800 млн доллардан 1 млрд долларға дейін барады. 2 млрд квВТ қажеттілікті жабу үшін бізге 540 мегаВТ болатын үш-төрт блокты іске қосуымыз керек. Құрылыс қарқынын есептегенде кемі 3 жыл бойы сондай керек. Бізге осындай жағдайда өмір сүруге тура келеді. Осынша соманы Ұлттық қордан алып жатсақ не болатынын есептей беріңіз, - дейді министр.

Министрдің айтуынша, инвестициялар үшін күрес жүргізу қажет, себебі қаржының қайтарымы болатынына сенім болмаса, инвесторлар келмейді. Ерлан Ақкенженовтің пікірінше, 1 миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ешбір кепілсіз тарту оңай емес.

- Қазір бүкіл әлем инвестициялар үшін күресіп жатыр. Әр мемлекет әр инвестицияның тиынына дейін санап алады. Өзбекстанда инвестиция тарту үшін әр жобаға мемлекет басшысының қолы қойылады. Инвестицияларды тарту ісін олар сондай деңгейге дейін көтеріп тастады. Президенттің өзі жіті бұл мәселеге назар аударады. Ал бізде жауапкершілік әр министрде. Сол себепті энергетика сияқты капиталды қажет ететін салаға инвестиция тартудың маңызы зор деп есептейміз, – дейді Ерлан Ақкенженов.