Ресейдің Киевке түнгі шабуылы: 14 адам жараланды
14 қарашаға қараған түні Ресей әскері Киев қаласын дрондар мен баллистикалық зымырандар арқылы шабуыл жасады.
Шабуыл салдарынан кемінде 14 адам жараланды, олардың қатарында жүкті әйел де бар. Бұл туралы Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченко хабарлады.
Киевтегі зақымданған аудандар
Зымыран және дрон шабуылы салдарынан бірқатар тұрғын үйлер қирап, бірнеше аудан зардап шекті. қатарында, Днипро, Деснян, Соломен, Святошин, Оболонь бар.
Голосеев ауданында құлаған қирандылар медициналық мекемеде өртке себеп болды. Ал Шевченко ауданында әкімшілік ғимарат жанып кетті.
Киев мэрі Виталий Кличконың айтуынша, жылу желілерінің кейбір бөліктері зақымданған, Деснян ауданындағы бірнеше ғимарат уақытша жылусыз қалды.
Киев облысындағы жағдай
Киев облысындағы шабуылдардан тағы алты адам жараланғаны белгілі болды. Облыстық әскери әкімшілік басшысы Николай Калашниктің мәліметінше, зардап шеккендердің арасында бір бала бар.
14 қараша түнінде Украина билігі Харков, Черкассы, Чернигов және Сумы облыстарында да дрондар қаупі туралы ескерту жасады.