Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:15

Ресейдің Украинадағы құрбандарының саны 100 мыңға жуықтады

соғыс
Фото: AP

Тек кейінгі айда 5007 әскери қызметкер соғыста қаза тапқан ресейліктердің тізіміне енді. Сондай-ақ, көз жұмғандардың көп бөлігі тікелей колониядан соғысуға жіберілген сотталғандар болды.

Украинаға қарсы соғыс басталғалы бері қаза тапқан ресейлік әскерилердің саны 95 026-ға жетті - олардың кім екені анықталды. Тек кейінгі айда – 24 қаңтар мен 21 ақпан аралығында бұл тізімге 5 007 әскери қызметші енді, деп хабарлайды BBC орыс қызметі мен Mediazona.

Қаза болғандардың көпшілігі колониядан тікелей соғысқа жіберілген сотталғандар. Жалпы 16 171 тұтқынның қайтыс болғаны расталды. Алайда Вагнер тобының құжаттарымен таныс журналистер үш жылға созылған соғыста Ресей армиясының шығынының үштен бірі тұтқындар болуы мүмкін дейді.

Сондай-ақ журналистер КХДР мен ЛХР қарулы құрылымдарының 21 мыңнан 23,5 мыңға дейін сарбазының қаза тапқанын хабарлады. Бұл шығынның негізгі бөлігі соғыстың бірінші жылында болды. Ресми ресейлік бөлімшелер осы кезеңде 25 769 адамынан айрылды. ВВС абасылымының хабарлауынша, ресейлік тарапта шайқаста қаза тапқан әрбір 10 адамның үшеуі тұтқындар, екеуі ҚХР мен ЛХР тұрғындары.

Сонымен қатар, Ресей армиясының Украинаға қарсы соғыстағы нақты шығындары расталған деректерден әлдеқайда жоғары болуы мүмкін - 146 мыңнан 211 мың адамға дейін. «Ресей тарапынан қаза тапқандар саны, ДХР мен ЛХР шығынын қосқанда, 167 мыңнан 234 мыңға дейін», - делінген хабарламада.

Пентагон мәліметтері бойынша, өткен жылдың қараша айында Ресейдің жалпы шығыны 615 мың адамды құрады: 115 мың адам қаза тауып, 500 мың адам жараланған. Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі Ресей армиясының шығынын 610 мың деп есептеді. The Economist басылымының жазуынша, бұл Ресейдің 1945 жылдан бергі барлық қақтығыстардағы әскери шығынынан да көп. Өткен жылдың маусым айында Ресей президенті Владимир Путин Украина қарулы күштерінің шығынын Ресейдікімен салыстыра отырып айтқан болатын. Оның айтуынша, соғыстың 27 айында Ресей 135 мың адамынан айырылған.