«Ресейге жанын берді»: Путин алғаш рет Солтүстік Кореяға қатысты пікір айтты

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея әскери бөлімшелеріне алғыс білдірді.
Путин Солтүстік Корея әскери қызметкерлерінің Ресейдің Курск облысында болған ұрыстардағы үлесін жоғары бағалады. Мемлекет басшысының айтуынша, КХДР сарбаздары жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында жоғары кәсіби дайындық пен шынайы ерліктің үлгісін көрсеткен. Путин олардың табандылығы мен батылдығы Ресей үшін маңызды екенін атап өтіп, Солтүстік Корея тарапына алғыс білдірді.
- Олар өз борыштарын абыроймен әрі ерлікпен орындады, мәңгі өшпес даңққа бөленді. Ресей халқы корейлік арнайы жасақ жауынгерлерінің ерлігін ешқашан ұмытпайды. Біз әрқашан Ресей үшін жанын қиған корей қаһармандарын құрметпен еске аламыз, – деді ол.
Бұған дейін КХДР өз әскери бөлімшелерінің Украинаға қарсы соғысқа қатысқанын ресми түрде мойындаған еді. Сондай-ақ Солтүстік Корея сарбаздарының Курск облысына Ким Чен Ынның тікелей бұйрығымен жіберілгені расталды.