Ресейлік белсенді Юлия Емельянова Қазақстаннан саяси баспана сұрады

Алексей Навальныйдың штабының бұрынғы белсендісі, ресейлік Юлия Емельянова Қазақстаннан саяси баспана іздеуші куәлігін алды.
Бұл туралы DW хабарлады.
Емельянова 31 тамызда Алматы әуежайында транзит кезінде ұсталған. Оған қатысты Ресейдің бастамасымен мемлекетаралық іздеу жарияланған еді. РФ тергеу органдары белсендіге «телефон ұрлады» деген айып таққан. Алайда Емельянова мен құқық қорғаушылар бұл істі қолдан жасалған деп есептейді. Олардың айтуынша, ол саяси белсенділігі үшін қуғынға ұшыраған.
Юлия Емельянова Ресейден 2022 жылы кеткенге дейін Навальный штабтарында белсенділік танытқан.
«Бұл рас, біз мұны әрқашан бірінші қадам ретінде жасаймыз. Дәл 11 қыркүйекте оған Қазақстан Республикасы аумағында баспана іздеуші мәртебесін беру туралы уәкілетті органнан куәлік алдық», - деді оның адвокаты Мұрат Адам.