Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:12, 06 Қаңтар 2024

Ресейлік миллиардер қазақстандық компания арқылы санкцияларды айналып өтіп, 36 миллион долларға ұшақ сатып алған

Олег Дереписка
Фото: из открытых источников

Ресейлік миллиардер Олег Дерипаска санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан 36 миллион долларға ұшақ сатып алған.

"Санкцияға ұшыраған миллиардер Олег Дерипаскамен байланысы бар «Арсенал» компаниясы Ресейдің Украинаға соғысынан кейін бизнес ұшағын сатып алды. Ұшақ қазақстандық «Ертіс-Эйр» әуе тасымалдаушысынан сатып алынған. Оның құны, кеден деректері бойынша, 35,8 миллион доллар", - деп хабарлайды «Верстка».

Telegram Berkut001 арнасы  Irtysh-Air-дің  Қазақстандағы эксплуатанттар тізімінде жоқ екенін жазды.

«Әуе кемесін тіркеу үшін азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты қажет. Әуе кемесі шет мемлекетке, шетелдік жеке немесе заңды тұлғаға сатылған немесе берілген жағдайда Қазақстан әуе кемелерінің тізілімінен шығарылады», — деп жазады Berkut001.

Ұшақ Ресейде тіркелгеннен кейін RA-09618 нөмірін алған. Оның кейбір рейстері Олег Дерипасканың маршрутымен сәйкес келеді. Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумы, Бейжіңдегі Ресей-Қытай достық комитетінің отырысы сияқты оқиғаларға осы бизнес-джет ұшқан. Олардың әрқайсысына олигарх қатысқан.

Басқа мәліметер дерегінше, «Ертіс-Эйр» - Павлодарда орналасқан қазақстандық әуе компаниясы. Компанияның сайты қазір жұмыс істемейді және тұрақты рейстер туралы ақпарат жоқ. 2013 жылғы мәліметтерге сәйкес, «Ертіс-Эйр» компаниясында қажетті қызметкерлердің, ұшу құжаттарының және инженерлік қамтамасыз етудің болмауына байланысты ұшуды тоқтатқан.