Ресейлік миллиардерлер «Википедиядағы» өмірбаяндарын өзгертіп жатыр
Ресейлік миллиардерлер соғыс басталғаннан кейін Википедиядағы өмірбаяндарын өзгертіп, өздерінің азаматтығы, мүлкі және Кремльмен байланысы туралы ақпаратты жоюға тырысып жатыр.
Exclusive.kz-тің жазуынша, 2024 жылдың наурызында Еуропа Одағы Кремль цензурасы мен үгіт — насихат құралына айналғаны үшін сынға алынған ресейлік «Яндекс» IT-компаниясының негізін қалаушы Аркадий Волождан санкцияларды алып тастады. Ол үшін 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеген «Яндекс» компаниясының бас директоры қызметінен кетіп, кәсіптің ресейлік бөлігін сатуға мәжбүр болды.
Өз сайтында Волож енді Қазақстанда туылған израильдік технологиялық кәсіпкер ретінде өзін таныстырады. Кәсіпкердің Ресеймен байланысы туралы сілтемелерді бірнеше рет «Википедиядан» Тель-Авивтің IP-мен бір редактор алып тастауға тырысты (Волождың өзі 2015 жылдан бастап Израильде тұрады).
Дегенмен, Волож Ресейде байыған және Кремльмен ынтымақтастықта болған жалғыз адам емес. “Википедиядағы” ақпаратты кәсіпкерлер де өзгертуге талпынуда. Мысалы, Ресейдің ең бай әйелі Татьяна Бакалчук және оның Wildberries маркетплейсі туралы орыс тіліндегі мақалаларды Newsman-8282 ұзақ уақыт бойы өзгертті, басқа редакторларға ол өзін «Wildberries баспасөз қызметінің жетекшісі Валерий Прокопьев» деп таныстырды. Атап айтқанда, Newsman-8282 маркетплейске байланысты әртүрлі жанжал туралы ақпаратты жоюға тырысты. Оның орнына Wildberries-тің табысты қаржылық көрсеткіштері және әртүрлі елдердегі филиалдар желісінің кеңеюі туралы деректерді қосқан.
Жалпы, «Википедиядағы» мақалаларды жою шамамен 5 мың долларды құрауы мүмкін. Бұл қаражатты энцклопедия редакторларына кәсіпкерлердің бірі ұсынған болатын.
Фото: Алексей Дружинин