Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:03, 06 Қаңтар 2024

Ресейлік олигарх Қазақстаннан ұшақ сатып алды ма? Министрлік жауап берді

Дерипаска  и его самолет
Фото: Point.md

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ресейлік олигархтың санкцияларды айналып өтіп,  Қазақстаннан бизнес-джет сатып алуына қатысты пікір білдірді.

Көлік министрлігі санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алу туралы БАҚ-та тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Әуе кемесінің бұл түрі бұрын ешқашан Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген. Қазіргі уақытта «Ертіс Эйр» әуе компаниясының азаматтық ұшақтарды пайдалану сертификаты жоқ және 10 жылдан бері ұшпайды», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін БАҚ ресейлік олигарх Олег Дерипаска санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық «Ертіс-Эйр» әуе тасымалдаушысы арқылы 36 миллион долларға Falcon 7X бизнес-джет сатып алғанын хабарлаған болатын.

Falcon 7X ұшағын 2016 жылы Дерипаскамен байланысы бар "Арсенал" компаниясы сатып алғаны хабарланды. Ұшақ Ресейге 2023 жылдың ақпан айында әкелінген. Бұған дейін ол қазақстандық «Ертіс-Эйр» әуе тасымалдаушысына тиесілі болған. Ресейде ұшақ RA-09618  нөмірін алған.

Дерипасканың өзі 2018 жылдан бері АҚШ санкцияларына ілінген. Украинада соғыс басталғаннан кейін оған Ұлыбритания мен Еуроодақ санкция салды.