17:23, 16 Ақпан 2024
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный түрмеде қаза тапты
Ресейдік саясаткер Алексей Навальный Ямало-Ненецтегі №3 түзеу мекемесінде қайтыс болды.
"Навальный серуендеп жүрген жерінде есінен танып, өзін нашар сезініп, көз жұмды, - делінген хабарламада.
Жедел жәрдем дәрігерлері саясаткер қаза болғанын растаған.
Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Навальныйдың өлімінің мән-жайынан бейхабар екенін айтты.
Ол Федералдық қылмыстық атқару қызметі барлық тексерулермен айналысатынын, сондай-ақ «бұл жерде арнайы нұсқаулар қажет емес» деп мәлімдеді.