Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:21

Ресейлік стримерлер қазақстандық қыздарға қатысты қорлау сөздері үшін қамауға алынды

Анар Абдуллаев
Фото: скриншот

Алматы қаласында ресейлік танымал стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренатко қазақстандық қыздарға қатысты қорлайтын сөздер айтқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Ресейлік Sports.ru басылымының мәліметінше, стримерлер Қазақстан аумағында жүргізген тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпке қайшы әрі ар-намысқа тиетін сөздер қолданған. 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға байланысты екі шетелдік азаматқа ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

Әкімшілік материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданып, сот шешімімен екі құқық бұзушыға да 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Еске сала кетейік, аталған оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қоғамда қызу талқы тудырған болатын. Ресми органдардың мәліметінше, іс толықтай Қазақстан заңнамасы аясында қаралды.