Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:43, 13 Қараша 2023

Ресми: Болат Назарбаев қайтыс болды

Назарбаев
Фото: из открытых источников

Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасы растады.

Сондай-ақ экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да Х желісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі қайтыс болды деп жазды.

Айта кетейік, Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Қазақ КСР Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.

1970 жылы Шамалған ауылындағы Фурманов атындағы орта мектепті бітіріп, туған ауылында жергілікті техникумда кәсіптік мамандық алды.

1971-1973 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет еткен. Қызмет еткен жылдары «Гвардия», «Кеңес Армиясының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

1973-1988 жылдары «Шамалған» кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған.

1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары.

1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлік қызмет атқарған.

1992-1997 жылдары «Инкар Агро» ЖШС-ның вице-президенті болды. Ол – BN Invest холдингінің директоры болды.

Сонымен қатар қоғамдық және қайырымдылық қорлары негізінде халыққа жасаған көмегі үшін:
• «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» (2010, Қазақстан)
• «Алматы облысының Құрметті азаматы» (2012, Қазақстан)
• «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.)
• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.)
• «Парасат» ордендерімен (2016 ж., Қазақстан) маратталды.