Ресми: Мәжіліс депутаты мандатынан айырылды
Бүгін 24 қаңтарда парламент мәжілісі депутаттарының отырысында депутат Динара Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын өз еркімен тоқтату туралы ұсынысы қаралды. Отырыста 93 депутаттың 91-і қолдап дауыс берсе, 2 депутат қалыс қалды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Шүкіжанова қорытынды сөз сөйлеп депутаттықтан кетсе де ел экономикасы үлес қосып, инвестициялар тартатынын айтты.
Айта кетейік, экс-депутат 2023 жылы Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.
1987 жылы 15 қаңтарда Қостанай облысы Қарасу ауданында дүниеге келген.
2008 жылы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. «Қаржы» мамандығы бойынша Ахмет Байтұрсынов.
2010 жылы Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген, MBA дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2008 жылы «ССГПО» АҚ Рудный қаласындағы филиалында есепші болып бастады; 2009-2011 жылдары жеке компанияда персонал менеджері болып жұмыс істеп, жеке кәсіпкер болды.
2011 жылы «АгромашхолдингKZ» АҚ жұмысқа шақырылды. 2011 жылдан 2014 жылға дейін маркетинг бойынша менеджер, баспасөз хатшысы және кадрлар бөлімінің бастығы;
2016 жылы ұйымдық даму жөніндегі басқарушы директор қызметіне ауыстырылды, одан кейін 2018 жылға дейін Басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді;
2018 жылы ол компанияның атқарушы директорының бірінші орынбасары, бірінші вице-президенті лауазымдарына тағайындалды. 2022 жылы «Агромашхолдинг KZ» АҚ президенті болып тағайындалды.
2023 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі.