Respublica партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі ұсыныстары
Партия Restart. Reforma. Respublica сайлауалды бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл құжат қазақстандықтар өмірінің әртүрлі салаларындағы құрылымдарды қайта жаңғыртуға бағытталған.
Онда бірінші кезекте кәсіпкерлерді қолдау шараларына басымдық берілген.
Партия елдегі шағын және орта бизнестің одан әрі қанат жаюына, дамуына қызмет етеді. Ал бұл – мемлекет тұрақтылығының, халықтың әл-ауқатының, экономикалық ілгерілеудің кепілі.
Respublica жақтастары бизнеске кедергілермен барынша күреседі. Мәселен, бюрократия, сыбайлас жемқорлық, жоғары несие ставкалары, үлкен салық жүктемесі, шексіз және жылдам өзгеретін реформалар, экономикаға мемлекеттің шамадан тыс қатысуы сияқты өзекті мәселелердің шешімін табу жолында жұмыс істеуді көздеп отыр
Бағдарлама білім, медицина, экономика, саясат, мәдениет және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беретін 6 бағыттан тұрады.
Партияның білім беру саласындағы ұсыныстарының ішінде мыналар бар:
- Барлық мектептерді «360°- 24/7» оқу мүмкіндіктері бар физикалық және виртуалды экожүйелер ретінде қайта құру;
- Қазақстандық EdTech өнімдерін дамытуды ынталандыру;
- Мұғалімдерге арналған физикалық және цифрлық ұтқырлық бағдарламаларын енгізу;
- Мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдау;
- ҒЗТКЖ өнімдерін әзірлеуге және енгізуге салықтық преференциялар мен субсидиялар бере отырып, университеттер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қатысуымен ғылыми-өндірістік кластерлер құру;
Медицинаға қатысты партия бастамалары:
- Ұлттық денсаулық сақтауды ұйымдастыру принциптерін қайта қарау;
- Халыққа арналған скринингтер тізімін кеңейту
- Медицина қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
- Медицина саласында цифрландыруды дамыту. Тәжірибеге телемедицинаны енгізу, медициналық манипуляцияларды роботтандыру;
- Сақтандыру медицинасын дамыту және тереңдету, сақтандыру жағдайларының тізімін кеңейту.
Мәдениет саласында мына бастамаларды ұсынады:
- Барлық шетел фильмдерінқазақ тіліне міндетті түрде дубляждау туралы заңнамалық норманы іске асыруды жеделдету;
- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жалғастыру;
- Шығармашылық салалар үшін өңірлік шағын гранттық бағдарламаларды іске қосу;
- Қазақстан тарихы мен мәдениетіне негізделген компьютерлік ойындарды дамытуды субсидиялау;
- Қазақ мифологиясы мен тарихының кейіпкерлерін насихаттау негізінде қазақ комикстерінің дамуы мен таралуын субсидиялау;
- Мектептегі дене шынықтыру пәнінде ұлттық спорт түрлерін насихаттау тәжірибесін жүзеге асыру.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда бағдарлама келесі бастамаларды ұсынады:
- Елдің азық-түлік қауіпсіздігі доктринасын іске асыру;
- Өнеркәсіпті цифрландыру, ауыл шаруашылығында озық технологияларды кең көлемде қолдану;
- Саланы қаржыландыруды ұлғайту және оның көздерін әртараптандыру;
- Салалық субсидиялау саясатын қайта қарау және «ақылды қолдау» тетігін енгізу;
- Лизингтік қызметтер нарығын кеңейту;
- Ауыл шаруашылығының логистикалық және қоймалық инфрақұрылымын дамыту.
Партия адал бизнес жүргізу және тең мүмкіндіктер экономикасын құруды жақтайды. Respublica мына бастамаларды қажет деп санайды:
- Экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту;
- Екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету және бизнесті несиелендіру шарттарын арттыру;
- Салық ауыртпалығын азайту;
- Шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту механизмдерін қарастыру;
- Қазақстандық өндірушілердің құрылымдық және қаржылық қолдау тетіктерін оңтайландыру.
Партияның саяси тезистерінің ішінде мынадай ұсыныстар бар:
- Процесстік тәсілді енгізу. Мемлекеттік басқарудың қазіргі моделі нәтижеге жетуге емес, функцияларды орындауға бағытталған;
- Жобалық тәсілді күшейту. Шешім қабылдаудың барлық кезеңдерін бір жүйеге байланыстырып, бағалау тәсілдерін қарастыру қажет;
- Өкілетті биліктің субъективтілігін арттыру арқылы оның рөлін күшейту;
- Кибер және ақпараттық процестер саласындағы заңнаманы қайта қарау;
- Ел үшін маңызды шешімдер қабылдау процесіне халықтың қатысуын қамтамасыз ету.
Тапсырыс беруші: Құспеков Олжас ХайроллаұлыҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудағы «Respublica партиясы» ҚБ Сайлау қорының қаражаты есебінен төленеді.