Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:39, 28 Қыркүйек 2022

Республика күнінің маңызы зор

None
None

ҚР Парламенті сенаты «Мерекелер туралы» заңға түзетулерді қабылдады.

Енгізілген түзетулерге сәйкес, енді: ұлттық мереке – Республика күні – 25 қазан және мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан болып бекітілді.

Тұңғыш Президент күні – 1 желтоқсан мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қабылданған заң мәдениет және кинематография саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

«Жаңа нормалар мәдени-көпшілік шараларды жоғары деңгейде өткізуге және халқымыздың тарихы мен мәдениетін шетелдерде танымал етуге мүмкіндік береді деп сенеміз. 25 қазанның қайта мереке деп қабылдануы – тарихи маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күннің мемлекеттік мереке ретінде белгіленуі – мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті насихаттауға және нығайтуға ықпал етеді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Республика күні демалыс күні болып бекітілуін түсіндірді: «Енді салтанатты іс-шаралар 25 қазанда, ал 16 желтоқсанға қарағанда көбірек өткізілетін болады. Бұл Желтоқсан оқиғасын еске алу күні ретінде болмақ. Біз сіздерге мерекенің барлық тұжырымдамаларын, олардың қалай өзгеретінін көрсетеміз деп ойлаймын», –деді Абаев.

2009 жылы 25 қазанда Республика күні бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ресми мерекелер күнтізбесінен алынып тасталды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 маусымда өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданғанын, 25 қазанда қайта жандану керектігін айтқан болатын.

Жамаладен Ибрагимов, заң ғылымдарының докторы, профессор:

– Мемлекетіміздің егемендігі туралы Декларацияның мемлекетіміз үшін саяси маңызы зор, сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде қайтару, менің ойымша, өте маңызды. Өйткені дәл осы мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстан Республикасындағы конституциялық дамудың негізін қалады, – дейді.

Тегтер: