Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:01, 11 Қыркүйек 2020

Ретсіз сауда орындарына рейд ұйымдастырылды

None
None

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы Арғынбеков және Өтегенов көшелерінің бойында сауда жасаушыларға рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Рейдтік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев және аудандық жергілікті полиция қызметкерлері қатысып, 3 әкімшілік хаттама толтырылды. Саудагерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керектігі ескертілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Тегтер: