Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 19 Желтоқсан 2024

Reuters: ЕО елдері Украинаға 100 мың бітімгер әскер жіберуді талқылайды

сарбаз
Фото: REUTERS/Ints Kalnins/File Photo Purchase Licensing Rights

Еуропа елдері Украинада соғыс тоқтайтын болса әскер жіберуді талқылап жатыр.

 Reuters сарапшылары мен дереккөздері еуропалық  әскер санын 100 000 деп болжап отыр. Олардың көпшілігі француз, неміс, итальян, поляк және британдық сарбаздар болуы мүмкін.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, еуропалық контингентті Украинаға жіберу туралы келіссөздер әлі бастапқы кезеңде, бірақ елдер қазірдің өзінде өзара келіспей жатыр, тіпті бұл мәселені қазір талқылау орынды ма, жоқ па деген мәселе де бар. Еуропалық көшбасшылар Владимир Путинмен келіссөздердің уақыты келді деп есептейді.

 Кейбір сарапшылар еуропалық сарбаз саны 40 мың болуы мүмкін дейді.

Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының әскери жоспарлау жөніндегі бұрынғы сарапшысы Франц-Стефан Гади Украинада орналастырылатын бөлімшелерге 100 мыңға жуық әскер тартылуы мүмкін деп есептейді. Аты-жөнін атамауды сұраған еуропалық қауіпсіздік қызметкері бұл болжамдармен келіскен.

Ресейдің Сыртқы барлау қызметі де қараша айында 100 мың сарбаз туралы айтты. Қолда бар барлау мәліметтері бойынша, Батыс елдері соғысты тоқтату қажеттілігін көбірек насихаттап, ол жерге 100 мыңға дейін бітімгершілік күштерін жібереді деп болжаған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, еуропалық күштердің қатысуы Ресеймен тікелей қақтығыс қаупін арттырады.

Тегтер: