Reuters: Ресейдің мұнай-газ табысы қарашада 35 пайызға азаяды
Reuters агенттігінің есептеуінше, қараша айында Ресей бюджеті мұнай мен газ сатудан шамамен 520 млрд рубль табыс алады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға төмен.
Мұндай төмендеудің басты себептері ретінде мұнай бағасының арзандауы аталған.
Қараша айындағы табыс – қазаннан да аз
Агенттіктің жазуынша, қазанмен салыстырғанда қарашадағы мұнай-газ кірісі (пайда салығын есептемегенде) 7,4 пайызға-ға азаяды деп болжанған.
2024 жылдың қаңтар-қараша аралығында Ресей мұнай-газдан 8 трлн рубль табыс тапқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға аз.
Мұнай бағасы түсіп, рубль күшейді
Reuters дерегінше, қаңтар-қараша айларында Ресей мұнайының орташа бағасы – барреліне 57,3 доллар, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 68,3 доллар болған.
Осы кезеңде рубль бағамы да нығайған.
Санкциялар әсері
Ресей мұнайына сұраныстың төмендеуіне және бағаның құлдырауына АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің қазан айы соңында «Роснефть» және «Лукойл» компанияларына қосымша санкциялар енгізуі де ықпал еткен.
Кремль табысының негізгі көзі қысқарып жатыр
Мұнай-газдан түсетін табыс – Ресей бюджетінің төрттен бірін қамтамасыз ететін негізгі қаржы көзі. Бұл түсімдердің азаюы бірнеше ай қатарынан байқалып келеді:
-
қазан айында – өткен жылмен салыстырғанда 26,6%,
-
қыркүйекте – 32% қысқарған.
2025 жылға Ресей Қаржы министрлігі мұнай-газдан 10,94 трлн рубль табыс түседі деп жоспарлаған. Алайда мұнай бағасының құлдырауы салдарынан бұл болжам қазан айында 8,65 трлн рубльге дейін азайған.