Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:44

Reuters: Трамп Маск басқарған DOGE департаментін жасырын түрде таратты

Трамп пен Маск
Трамп пен Маск. Фото: AFP/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі федералдық үкіметтің тиімділігін арттыру жөніндегі департаментті (DOGE) мерзімінен бұрын таратып жіберді. 

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Илон Маск басқарған ведомство жоспар бойынша 2026 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеуі тиіс болған. Алайда департамент мандаты аяқталуына сегіз ай қалғанда құпия түрде жабылған.

АҚШ кадр қызметі басқармасының (OPM) директоры Скотт Купор журналистердің сұрағына жауап бере отырып:

«Бұл құрылым енді жоқ және орталықтандырылған орган ретінде қызмет атқармайды», - деп мәлімдеді.

Reuters дерегінше, таратылған департаменттің кейбір функциялары OPM-ге берілген.

DOGE-тің күтпеген таратылуы Трамптың бастапқы жоспарларына қайшы

Агенттік атап өткендей, DOGE-тің жойылуы Трамп әкімшілігінің осы құрылымды құруға бөлген ерекше назарымен мүлде қабыспайды. Департамент президент Трамп инаугурация өткен күні – 20 қаңтарда қол қойған алғашқы жарлықтардың бірімен құрылған болатын. Мекеме мемлекеттік шығындарды азайту және федералдық агенттіктерді қайта құрылымдау міндетін атқаруы тиіс еді.

Илон Маск пен Трамп арасындағы қақтығыс

DOGE басшысы ретінде Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск тағайындалған. Ол мамыр айының соңында келісімшарты аяқталғаннан кейін қызметтен кетті. Масктың кетуі Трамптың  салықтар мен шығындар туралы заң жобасына байланысты туған келіспеушіліктен кейін орын алған еді.

Заң жобасы мамырда Өкілдер палатасында аз ғана айырмашылықпен қабылданды, бірақ Сенатта, оның ішінде республикашылдар тарапынан да қарсылыққа тап болған.