Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:45, 29 Шілде 2021

Режиссер Болат Атабаев дүниеден озды

None
None

Бүгін белгілі режиссер-диссидент Болат Атабаев дүниеден озды. Бұл туралы режиссердің шәкірті Азамат Шарғын хабарлады.

Болат Атабаев соңғы 2-3 күн Қалқамандағы 7 аурухананың жансақтау бөліміне бүйрегіне суық тиіп түскен болатын. Бүгін таңертең дүниеден өтті. Келесі жылы жетпіске келетін режиссер қазақ театрына реформа жасаған қайраткер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Гете медалінің иегері.

«Ұстазымыздың дүниеден өткенін қарындасы Дана (Болат Атабаевтың қарындасы) апайдан естідік. Өкінішті. Әлі де берері көп еді. Соңғы жылдары Германиядан жинап алып келген тәжірбиесін, бойындағы барын жастарға беруге ықыласты еді. Көп дүние жоспарлап едік. Өте өкінішті», — деді Азамат Шарғын.  

Тегтер: