РФ Қорғаныс министрлігі Польшаға соққы беру жоспарланбағанын мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігі Польша аумағына әуе соққысын жоспарламағанын мәлімдеді. Ведомство ресми түсіндірмесінде қолданылған дрондардың ұшу қашықтығы 700 шақырымнан аспайтынын атап өтті.
Кремльдің жауабы
10 қыркүйек күні өткен брифингте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге: «Бұл мәселені талқылағымыз келмейді. Бұл біздің қемес, қорғаныс министрлігінің құзыреті», – деді.
Қорғаныс министрлігінің түсіндірмесі
Кейінірек Қорғаныс министрлігі Украинаға жасалған түнгі соққыларға байланысты Telegram-да қысқа хабарлама жариялады. Онда: «Польша аумағындағы нысандарды жою жоспарланбаған», – деп көрсетілді. Сондай-ақ Ресей дрондарының ұшу қашықтығы 700 шақырымнан аспайтыны айтылды. «Дегенмен, бұл тақырып бойынша Польша Қорғаныс министрлігімен консультация өткізуге дайынбыз», – дейді РФ министрлігі.
Польша жағы: дрондар Беларусьтен кірді
Польша премьер-министрі Дональд Тусктың айтуынша, 10 қыркүйек түні Польша әуе кеңістігіне кірген 19 ресейлік дронның басым бөлігі Беларусь аумағынан ұшып келген. Польша жеті дрон мен бір зымыранның сынықтарын анықтаған.
Осы оқиғаға байланысты Польша НАТО-ның 4-бабына сәйкес одақтастарынан консультация сұрады. Туск бұл әрекетті «Ресей тарапынан бұрын-соңды болмаған арандатушылық» деп атап, НАТО-дан Польша әуе кеңістігін қорғауда әлдеқайда үлкен қолдау күтетінін жеткізді.