11:30, 18 Сәуір 2023
Риддер ЖЭО-да тағы да апат: жергілікті тұрғындар қайтадан жылусыз қалды
Бүгін таңертең Риддер тұрғындары пәтерлеріндегі радиаторлардың өте суық екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Noks.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, «Риддер ЖЭО» — мен тікелей желілік судың температурасы бүгінде небәрі 31 градус болды. Оның себебі — жылу орталығында тағы да штаттан тыс жағдай болған.
«Бүгін түнде жоғары қысымды қазандық апатты түрде ажыратылып, резервтік қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура бүгін көтеріледі», — деді Риддер әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов.