09:36, 07 Қараша 2022
Риддерде жылу электр орталығынан тағы ақау шықты
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да апат болып, тұрғын үйлердегі 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылды, деп хабарлайды Жас Алаш.
Риддердегі электр орталығындағы төтенше жағдайға орай шұғыл түрде арнайы штаб құрылған. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
5 қараша күні сағат 20.00-де орталықтағы күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы ажыратылды. Соның салдарынан жылу тасығыштың температурасы +39°С дейін төмендеді,
— деп жазды облыс әкімі.
Айтуынша, қалыпты температура мөлшері +70°С болу керек. Қазіргі уақытта Риддер қаласының 22 мыңнан астам абоненті үшін жылу беру азайтылған.