Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:50, 16 Мамыр 2025

Рим папасы Киев пен Мәскеу арасында араағайын болуға дайын

Рим папасы
Фото: ашық дереккөз

Рим папасы Лев XIV Ватиканның кез келген қақтығыста, соның ішінде Украинадағы соғыста да көпір болуға дайын екенін мәлімдеді.

Киев пен Мәскеу арасындағы Түркиядағы бейбіт келіссөздердің тұралауы аясында понтифик қантөгісті тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға әзір екенін жеткізді.

«Қасиетті Тақ жауласқан тараптардың жүзбе-жүз кездесіп, бір-біріне көз тастауына көмектесуге дайын. Осылайша халықтарға лайықты өмірді қайтаруға болады. Егер біз өзімізді лайықты ұстасақ, заман да жайлы болады. Біз – сол заманның өзіміз», – деді Лев XIV.

Понтификтің айтуынша, Ватикан бейтарап әрі сенімді алаң ретінде екі тараптың да ұстанымдарын тыңдауға және оларды жақындастыруға мүмкіндік беретін ерекше кеңістік бола алады. Ол бейбітшілікті тек келіссөздер арқылы ғана орнатуға болатынын баса айтып, тараптарды эмоция емес, парасат арқылы шешім қабылдауға шақырды.

Сондай-ақ, Лев XIV Украина мен Ресей халқының бейбіт өмірге қайта оралуға құқылы екенін еске салып, халықаралық қауымдастықты үнсіз қалмауға, белсенді делдалдық жасауға үндеді.

Жексенбі, 18 мамыр күні понтифик Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отыр. Кездесу барысында тараптар қазіргі жағдайды, соғыстың гуманитарлық салдарын және бейбіт реттеу жолдарын талқылайды деп күтілуде.

Тегтер: