Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:28, 09 Наурыз 2022

Рубль қатты құлдырап жатыр

None
None

9 наурыздағы сауда-саттық бойынша рубль бағамы долларға, еуроға қарағанда күрт құлдырап жатыр.

Мәскеу валюта биржасының мәліметтері бойынша, доллар бағамы Нұр-Сұлтан уақытымен 13.11-де 8,88 рубльден 113,88 рубльге дейін көтерілсе, ал еуро бағамы 4,64 рубльден 123,63 рубльге дейін көтерілді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Ұлттық банкі Ресей рублінің бағамын 9 наурызда 4,16 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Ал доллар бағамы 503,3 теңге мөлшерінде белгіленген еді. 5 наурызда сауда-саттықта оның құны 503,79 теңге болды.

Тегтер: