11:41, 26 Қараша 2025
Рудный тұрғыны көше атауларын қазақшалауға қарсы шыққаны үшін айыппұлға ілінді
Қоғамдық талқылау кезінде Екатерина Корчагина қала көшелеріне қайта ат қоюға қарсы шықты, бейәдеп сөздер айтқан.
Полицияның хабарлауынша, бұл әрекет тыңдаушыларға құрметсіздік көрсету және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Материалдар әкімшілік сотқа жолданды.
Сот шешімі бойынша әйел адам кінәлі деп танылып, 20 АЕК – 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.
Айта кетейік, Рудный қаласында өткен қоғамдық тыңдау кезінде Ивана Франко көшесін Әлия Молдағұлова, ал 50 лет Октября көшесін Достық деп атау ұсынысы қаралды. 14 депутаттың 12-сі қатысқан жиында 10 депутат қолдаса, тек біреуі – «Горняк» мәдени ойын-сауық орталығының директоры Валерий Гирфанов қарсы шықты.