Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік баға жетпес байлық

Қазіргі заманда ел тыныштығын сақтау аса маңызды мәселелірдің бірі болып отыр. Тек қана ел емес ұлтаралық келісімнің тетігін табу аса маңызды шаруа. Егер әр мәселені шеңбер деп қарайтын болсақ. Бұл аталмыш мәселенің шеңбері кең әрі шешілмейтін болса, зияны да үлкен.
Ол мәселені шешу тетіктері де әр түрлі жолдардан құрылады. Соның бірі әрі бірігейі рухани тұрақтылық пен татулық. Яғни дінаралық келісім. Осы тетікті шешу үшін алғашқы Ел басының игі бастамен қалыптасқан және үш жыл сайын елімізде тұрақты өткізіліп келе жатқан «Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің» рөлі өте зор. Себебі бұл сьезде бүкіл жер жүзіндегі діндердің басшылары бас қосып, адам өмірінің құндылығы, бір-бірінің мүдделерін, сенімдерін құрметтеу, теңдік пен әділдік аясында қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы және тағы басқа мәселелер қозғалады.
Жалпы алғанда кез-келген қоғам, ұлт өздерінің рухани құндылықтары мен дәстүрлі сенімдерінсіз болмайды. Ал осы құндылықтардың мақсаты өміршең, бейбіт қоғам құру. Адамның ар-ожданын сақтай отырып, тату-тәтті өмір сұру екені баршамызға мәлім. Бірақ білу басқа, білгенге амал ету басқа демекші дінаралық татулық пен келісім сьезі осы қағидаттарды жүзеге асыруға серпін беретін бастама.
Майқы би:
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.» - деп, тек бір отбасылық қарым қатынасқа қатысты ғана емес, сонымен қатар жер жүзне паш еткен нақыл сөзі баршамызға өнеге болу керек.
Құран Кәрімде де Алла тағала қайта-қайта «Бөлінбеңдер» деп айтуы да бекер емес. Қазіргі кезде осы бір-ақ Жаратушымыздың бұйрығын елемей келеміз. Егер осылай жалғаса беретін болса, Төле би бабамыз айтқандай, «Бірлік болмай, тірлік болмас». Яғни бірлік болмай, кез-келген тірлікке қажетті нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес. Мейлі ол өркениет босын, мәдениет болсын, эканомикалық-саяси жетістік болсын. Осының баршасы тек татулық пен бірлік арқылы шешілетін мәселелер. Демек рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік баға жетпес байлық. Осынау алмағайып заманда аталмыш құндылықтарды сақтап қалу баршамыздың міндетіміз. Сол үшінде Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезде бас қосып, осы мәселенің шешу жолдарын қарастыруы бізге ауадай қажет. Қай діннің өкілі болсын өз тіршілігінің тұрақтылығы мен тыныштығын қолдай отырып, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезіне келіп, атсалысады деген ойдамыз.
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінде қоғамда тыныштықты, әділдік болуын, адамзатты соған тәрбиелеу жолдарын қарастыратын игі бастама. Олай болса, біз таза діни істерден өзге осындай ұлы мұраттарды да нысана етуіміз керек. Өйткені, адам баласы қайырлы да ізгі амалдарымен ғана Жаратушыға жақындайды. Қасиетті Құранда: «Бір-бірлеріңе ізгі істерде, тақуалықта көмектесіңдер. Күнә жасауға, дұшпандыққа жәрдемші болмаңдар...» делінген. («Маида» сүресі, 2-аят).
Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекесін арттырып, тәуелсіздігімізді баянды еткей! Тілегімі, қабыл, мұратымыз асыл болғай!
Наурыз Ибатұлы
Ар-Рахман мешітінің наиб имамы.