Рухани жаңғырумен алынған аттардың қорасы жоқ

12.09.2018, 19:32

276

Биыл Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Ежелден келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің қайта жаңғыруына жол ашылып, ұлттық спортымызды дамытуға көңіл бөлінді. Мәселен, облыстық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, шабандоздар мен көкпаршылардың несібесіне жүйріктігі желден озатын 13 жылқы алынды. Ең өкініштісі, мемлекет қаражатына алынған сәйгүліктер қазір жалдамалы ат қорада бапталуда. Облыста арнайы ипподром болғанымен, тұлпарларды түлететін орын үшін биліктегілер жеке кәсіпкерге ақы төлеп отыруға мәжбүр.Негізінен қызылордалық шабандоздар үшін жаңа ипподром салу тақырыбы түйіткілді мәселе болатын. 2008 жылы ескі нысан жабылып, ұлттық спорт жанкүйерлерінің көңілін күпті еткен еді. Араға 7 жыл уақыт өткеннен кейін ғана жаңа ипподром салынып, пайдалануға берілді.«Бұл ипподром  «Қазгермұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен салынған болатын. Біз сол кезде спорт нысанының пайдалануға берілгеніне мәз болдық. Нысанның құрылысы мен жобасына ешкім араласқан жоқ. Кейіннен ат қора мәселесі туындады. Мемлекеттік конкурс жариялап, қора мәселесі шешілді. Қазір жалдап отырғанымыз рас. Сәйгүліктерді баптайтын, оларды жем-шөппен қамтамасыз етіп отырған арнайы мекемеміз бар», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ұлттық спорт және ұлттық ат спорты клубының директоры Ғабит МАХАТАЕВ.Ат қорасы мәселесінен бөлек ипподромда ауыз су проблемасы да бар. Скважина суды жеткізетін құбырлардан ақау табылған. Қазір мотор арқылы колонкалардан алынатын су пайдаланылып жатқан көрінеді.«Скважинадағы проблемалар алдағы уақытта шешілетін болады. Нысан қала сыртында орналасқандықтан сәл қиындықтар туындап жатқаны рас». – деді Ғабит Махатаев.Айта кету керек, Қызылордада ат спорты десе, делебесі қозып, көкпаршылары мен шабандоздары айрықша шеберлік танытатын екі аудан бар. Ол Жаңақорған және Шиелі өңірлері. Мұндағы тұрғындар ертеден балаларын ұлттық спортпен айналысуға баулиды екен. «Қазіргі күні облысымызда тұңғыш рет ат спорты клубы ашылып жатыр. Мұндай клубтар өзге облыстарда бұдан біраз уақыт бұрын жұмыстарын бастап кеткен. Тіпті, кейбір облыстарда ат спорты мектептері де бар. Біз де келешекте осындай жетістіктерге жеткіміз келеді. Өйткені ұлттық спортқа қызығатын жастар көп. Жеткіншектерді осы спорт түріне тәрбиелеуге тәжірибесі бар жаттықтырушылар да көбейіп келеді», — деді клуб директоры Ғабит Махатаев.Әзірге, мемлекеттік ат қораның қашан салынатындығы белгісіз. Бұл тұрғыда халық қазынасынан нысанды жалдау үшін төленіп жатқан ақшаның нақты сомасын да білу мүмкін болмады. Осыдан біршама уақыт бұрын Қызылорда қаласы әкімдігінің өзі балабақша ғимаратын жалдап отырғанын ескерсек, бұл проблемаға биліктегілердің қашан назар бөлетіндігін нақты болжаудың өзі қиын…Фотолар автордікі. МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ ЖАРИЯЛАУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28