Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:28

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Берденов
Фото: ашық дереккөз

Ол Алматы қаласының Даму орталығын басқармақ.

Бұрынғы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов Алматының жаңа даму институтының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ақпарат бірнеше дереккөз арқылы белгілі болды.

Берденов осы жылдың тамыз айының соңында Шымкент әкімдігіндегі қызметінен кеткен еді. Арада аз уақыт өткенде ол Алматының қоғамдық өмірінде қайта көрінді – жақында өткен «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчта оның трибунада отырған сәті көпшіліктің назарын аударды.

Еске салсақ, 2025 жылдың 21 сәуірінде Руслан Берденовке қарсы қастандық жасалған болатын. Оқиға Шымкент қаласы әкімдігінің маңында болған. Берденовке бірнеше рет оқ атылып, ол ауыр жарақат алған. Қалалық ауруханада ота жасалып, кейін денсаулығы қалпына келген.

Қылмысқа қатысты іс бойынша 20 тамызда сот үкімі шықты. Күдікті Ернар Жиембай кінәлі деп танылып, орта қауіпсіздік деңгейіндегі колонияға 9 жылға бас бостандығынан айырылды.