Бүгін, 11:56
Руслан Желдібай президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Тоқаевтың жарлығымен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Р. Желдібай бұған дейін атқарған президент кеңесшісі қызметінен босатылды.
Жаңа баспасөз хатшысы еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасында редактор ретінде бастап, кейін «Алматы» арнасында продюсер болып істеген. Бұдан соң ақпарат министрлігі мен президент әкімшілігінде қызмет атқарды. 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болды. Ал қыркүйек айында ішкі саясат пен коммуникация мәселелері бойынша президенттің көмекшісі болып тағайындалған.