Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:36, 26 Шілде 2021

Рыбакина үшінші айналымда

None
None

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио ойындарын сәтті жалғастыруда.

 Қазақстандық теннисші екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездесіп, екі сетке созылған матчта жерлесіміз 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Диас, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын. 

Тегтер: