Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:23, 02 Наурыз 2023

Сабыр түбі сары алтын

None
None

Қазақстанға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келіп кетті. Сондай сапарға куә болып отырып, бір сұрақ туындайды: анау Украинадағы соғыс бар, Қазақстан бір сәтте қысымға шыдамай, морт кетіп, Батыс пен Ресейдің текетіресінде екі жақтың бірін ашық таңдай салуы мүмкін бе деген.

«Бірақ бұл арада маңызды бір логика жатыр», – дейді сарапшы Ғазиз Әбішев. Оны тыңдасақ, былай деп пайымдайды:

– Егер Қазақстан нақты бір шешімді жақтап шығып, екі тараптың бірін уақытынан бұрын асығыс таңдап қойса, онда басымыз үлкен пәлеге қалады. Асыққан қашан да әлгі құрғырдың ісі. «Біз сенің жағыңдамыз» деп таңдаған екі дөкейдің бірі мұны толық бағалай алмай қоюы бек мүмкін. Өзің солай шешкен екенсің, онда өз шешіміңе өзің жауап бересің деуі мүмкін. Ал қарсы тарап бұған бейжай қарап тұрмас, ол қайткенде де өзін сатып кеткен Қазақстаннан кегін алады.

Ал енді Қазақстан морт сынбай, ұлттық мұдделерін алға тартып, соңына дейін нейтралитетін сақтай алса – екі тарап та Қазақстанды бас салып жұлқылауға батпайды. Тіпті, екі тараптың бірі шыдамай, Қазақстанды бір жаққа қарай қисайтқысы келіп, бірінші болып соққы жасап жіберсе, Қазақстанда жаһандық қақтығысқа қатысқысы келмегені үшін таяқ жеп қалды деген жазықсыз жәбірленушінің имиджі қалады. Ондай жағдайда Қытай, Үндістан, Түркия, Араб әлемі мен соққы жасаған қарсы тарап та бейбітшілікті сүйетін Астанаға жанашырлық танытатын болады, – дейді сарапшы.

Тегтер: