Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:10

Саденов Шерзат ісі бойынша айыпталушылардың «туған күн тойлауына» қатысты пікір білдірді

Сотталушылар
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов жасөспірім Шерзат Болатты қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша тергеуде отырған айыпталушылардың «тергеу изоляторында туған күн тойлағаны» жайлы пікір білдірді.

«Шерзат Б. ісіне қатысты күдіктілердің қамауда ұсталуы жағдайына байланысты айтылған мәліметтер бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде алты қызметкер жауапкершілікке тартылды», – деді министр Саденов мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың сауалына жауап бере отырып.

Айта кетейік, 18 ақпанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша тергеуде отырғандардың тергеу изоляторында туған күн атап өткен сәті түсірілген бейнежазба қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Осы оқиғадан кейін ІІМ «қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және бақылаудың болмағаны үшін 16 басшы мен қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде уақытша ұстау изоляторының бастығы да қызметінен босатылды» деп мәлімдеген еді.

 

Тегтер: