Садыр Жапаров үш жасқа дейінгі барлық балаларға ай сайын жәрдемақы төлеу туралы жарлыққа қол қойды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров үш жасқа дейінгі барлық балаларға жаңа ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
«Бала ырысы» деп аталатын бұл төлем 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап беріле бастайды. Бұл туралы президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімі хабарлады.
Жарлыққа сәйкес, жәрдемақы отбасының табыс деңгейіне қарамастан үш жасқа дейінгі әрбір балаға тағайындалады.
Жәрдемақы мөлшері айына 1200 сом болады.
Президенттің айтуынша, бұл шешім азаматтардың көптеген өтініштеріне жауап ретінде қабылданған және баланың дамуы үшін ең маңызды кезеңде отбасыларды қолдауға бағытталған.
Жапаровтың сөзінше, қазіргі әлеуметтік төлем жүйесі көбіне бюрократиялық кедергілерге ұшырайды. Соның салдарынан көмекке мұқтаж отбасылардың бәрі бірдей қолдау ала алмайды.
«Әсіресе мәселе емшектегі балаларға қатысты болса, мұндай жағдай мүлде жол берілмейді. Адамның ең маңызды физикалық және зияткерлік қабілеттері дәл өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады және ол бүкіл өміріне әсер етеді», – деді Жапаров.
Жапаров мемлекет барлық кішкентай баласы бар отбасыларға қолдау көрсетуге ниетті екенін айтты, тіпті кейбір жағдайларда жәрдемақыны негізсіз алушылар болуы мүмкін деген қауіп болса да.
«Мемлекет шын мәнінде мұқтаж емес бірнеше адамға артық төлем жасап қойғаны жақсы. Бірақ бір де бір мұқтаж бала көмексіз қалмауы тиіс», – деді ол.
Айта кетейік, бұл жаңа әлеуметтік қолдау шарасы балалар кедейлігін азайтуға және кішкентай баласы бар отбасыларға көмекті кеңейтуге бағыбағытталған.
Қырғыз Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, Қырғызстанда үш жасқа дейінгі шамамен 445 мың бала бар.