Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:10

Саида Мирзиёева сыртқы саясаттағы ықпалын күшейтеді

Саида Мирзиёева
Фото: ашық дереккөз

2025 жылғы маусымда Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған Саида Мирзиёева енді халықаралық бағыттағы жобаларға тікелей араласа алады. Жаңа жарлыққа сәйкес, ол шетелдік сарапшыларды тартуға, жалақы мөлшерін бекітуге және жобалық топтардың құрылымын анықтауға толық құзырет алды.

Сарапшылар бұл шешімді Саида Мирзиёеваның саяси салмағының артуымен және өзбек билігінің ішкі орталықтандыру процесімен байланыстырады. Бұған дейін медиа, мәдениет және коммуникация салаларын басқарған Саида Мирзиёева енді халықаралық жобалар мен сарапшылық бағытты да бақылауына алады.

Президент Әкімшілігіне қарасты құрылымдарда да елеулі өзгерістер болады:

  • Екі апта ішінде барлық қызметкерлер аттестациядан өтеді;

  • Он күннің ішінде нақты жобалар мен жоба топтарының құрамы бекітілуі тиіс;

  • Бір ай ішінде мемлекеттік коммуникациялық стратегия жасақталады.

Бұл қадамдар Өзбекстанның басқару жүйесінде жобалық әрі стратегиялық тәсілдің нығайып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, сарапшылар бұл реформаларды билікті ұзақ мерзімді перспективаларға бейімдеудің белгісі деп бағалап жатыр.