13:53, 22 Қыркүйек 2022
Сайлау-2022: бюллетендерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады
20 қарашада өтетін Қазақстан Президентінің сайлау бюллетендерінде «барлығына қарсы» деген баған пайда болады, — деп хабарлайды Жас Алаш.
Оқи отырыңыз: Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды
Тоқаев президент сайлауы өтетін күнді белгіледі
«Барлығына қарсы» бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы", — деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бағанды енгізу туралы 21 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.
«Сайлау бюллетендерінде „барлығына қарсы“ деген баған пайда болды», — деп мәлімдеген еді Тоқаев.