Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:45

"Сәл қылқындырдым, кредит жабуым керек болды" - қыз зорламақ болған күдікті

күдікті
Фото: видео скриншоты

Сәтбаевта қызды зорламақ болған күдіктінің жауап алу видеосы жарияланды.

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында қызға шабуыл жасап, зорлауға әрекеттенді деген күдікпен ұсталған азаматтың жауап алу видеосы жарияланды. Осыған дейін аталған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, ол қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Полиция қызметкерлері күдіктіні жауап алу барысында түсірілген видеоны көрсетті. Зардап шегушімен күдіктінің арасында бетпе-бет таныстыру өткізілді. Ұсталған азамат үйіне бара жатқанда қызды көріп, оның артынан подъезге кіргенін айтты. Оны тани ма деген сұраққа ер адам теріс жауап берді.

«Шабуыл күні мен ішкен едім. Менде несиені өтеуге ақша жеткіліксіз еді. Көшеде жүріп, подъездке кіріп жатқан қызды байқап, оның артынан ердім. Қыз менің танысым емес. Мен оны сәл қылғындырдым... Өкінемін», - деді күдікті жауап алу кезінде.

Қазіргі таңда ол Уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Аталған факті бойынша зорлауға оқталу бабымен қылмыстық іс қозғалды.