Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:52, 08 Сәуір 2024

#СалтанатЗаңы: Қазақстандықтар зорлық-зомбылыққа қарсы Заңды талап етіп жатыр

в
Фото: из открытых источников

Қазақстандықтар тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп, үш күн ішінде Сенатқа #СалтанатЗаңы хэштегімен 5 мыңнан астам хат жолдады. Бұл туралы «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры хабарлады.

«Зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң қабылдауды талап ететін науқан басталғаннан бергі алғашқы үш күнде қазақстандықтар парламентке 5 мыңнан астам хат жолдаған. Тағы 10 мыңға жуық адам Заңды онлайн қолдады. 2023 жылы қарашада Салтанат Нүкенова қайтыс болғаннан кейін басталған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция Қазақстан тарихындағы ең ірі петиция болды, ол қысқа мерзімде 150 мыңнан астам қол жинады», - делінген хабарламада.

Бастамашыл топ зорлық-зомбылықты криминализациялау туралы заң жобасын қабылдауды кейінге қалдыру немесе қабылдамау қаупі әлі де бар екенін айтады.

Еске салайық, 2021 жылы ҚР Парламенті тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелерін қарастыратын «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдаған жоқ. Ол қазір Сенатта қайта талқыланып жатыр. 4 сәуірде бастамашыл топ #ЗАКОНСАЛТАНАТ хэштегімен «Парламентке хат жаз» акциясын бастады.

Фото: kazpravda.kz