Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:40, 28 Ақпан 2024

«Самат Әбіш қайда?» Бас прокуратура сұраққа жауап берді

самат
Фото: из открытых источников

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің ісі жөнінде сұраққа жауап берді

– Мен бұл іс сотта екенін білем. Ал оның қайда, не істеп жүргенін... Ол Қазақстанда. Тергеу кезінде ол "ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен" жүрген. Бұдан әрі айта алмаймын, өйткені бұл іске менің де рұқсатым жоқ", - деді Әсет Шындалиев Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін тергеу қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша жүргізілгені хабарланған еді. Іс сотқа жіберілген.

Самат Әбіш Қазақстаннан ешқайда шықпау жөнінде қолхатпен жүр. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер болғандықтан, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияға жатпайтыны хабарланады.

Тегтер: