«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖОҒАРЫЛАТАДЫ
2021 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» Қорының қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері жақсара түсті.
EBITDA деңгейі 2,6, бұл өткен жылғы көрсеткіштен едәуір жақсырақ. Былтыр ол 3,6 болған. EBITDA шамамен 1 тлрн. тенгеге ұлғайып, жыл қорытындысы бойынша 3.5 трлн тенгеге жетеді деп күтілуде.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі – құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі Басқарушы директоры Андрей Кравченко ең маңызды деген тәуекелдерді азайту мақсатында атқарып жатқан жұмыстары туралы әңгімелеп берді. Соның ішінде экология және климаттың өзгеруіне қатысты мәселелер бар. Ал, «Самұрық-Қазына» Тобының қызметіне айтарлықтай әсер ететін факторлар арасында жаңа экологиялық кодекс, 2030 жылға дейін парниктік газды азайту жөніндегі міндет пен 2060 жылға қарай көміртек бейтераптылығына қол жеткізу туралы міндеттер бар. Андрей Кравченко ірі инвестициялық жобаларға, активтерді жекешелендіруге және энергетикалық қуат көздерініңтапшылығына қатысты тәуекелдерді ескеру керек екенін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, Қор әлеуметтік тұрақтылық тәуекелдеріне ерекше назар бөледі. Қазіргі таңда еліміздің батыс өңірлерінде мұнайсервис кәсіпорындары қызметкерлерінің мұқтаждықтары басты назарда. Қор «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен, республикалық және жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, еңбек шарттары мен бизнестың тұрақтылығы бойынша жүйелі шараларды жүзеге асырып келеді.
Кравченко сондай-ақ COVID-19 вирусына қатысты жағдайды баяндады. Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» Тобының өндірістік кәсіпорындарында коронавирус жұқтыру деңгейі төмен. Ал, қызметкерлердің 80% бұл дертке қарсы вакцина салдырған.
Тағы бір маңызды мәлімет, Қордың директорлар кеңесі жуырда сатып алу жүргізудің жаңа тәртібін бекітті,
. Ол 2022-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енеді. Негізгі жаңалықтарына тоқталсақ:
- Әлеуетті жеткізіп берушілерге қойылатын біліктілік талаптарының толық тізімі бекітілді.
- Шарттарды өзгерту мүмкіндіктерін шектеудің нақты тетіктеріі бекітілді.
- Қордың келісім комиссиясы жұмысының тетіктері айқындалды.
Бұл нормалар сатып алулар бойынша нормативтік құжаттарға енгізіліп, биыл 11айда жергілікті үлес деңгейі 76%-ға дейін, қызметтер сатып алудағы жергілікті үлес деңгейін 86%-ға жеткізуге жол ашты.