Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:46, 17 Тамыз 2022

Санаулы секунттар да төтенше жағдайлар мамандарына маңызды

None
None

Тосыннан келген апатты жағдайларда адам баласына араша түсетін төтенше жағдайлар саласы мамандарының дайындығы қай уақытта болмасын маңызды екені сөзсіз.

Өйткені апаттың айтып келмейтіні бар. Тілсіз жаумен арпалысқан қиын сәттерде жұрттың бірінші кезекте көмекке шақыратыны да осы  құтқарушылар болады. Елімізде Төтенше жағдайлар  мамандарының дайындығын пысықтап тексеріп отыру әрі олардың қарым қабілетін арттыратын оқу — жаттығу жұмыстарын күшейту соңғы жылдары қарқынды түрде жүзеге асып келеді. Адам өмірі қауіпті жағдайға тап болғанда оның өмірін құтқарып қалу үшін санаулы секунттардың да үлкен рөл атқаратыны бар. Сол себепті де құтқарушы шыныққан шымыр болумен қатар кез келген оқиғада жедел шешімді тез қабылдап құтқару жұмыстарын толық орындай алатын тәжірбиелі маман болуы тиіс. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар саласы өзге өңірлер тәрізді құтқарушы мамандар арасында оқу жаттығу жұмыстарын жиі өткізуді қолға алады.

Жақында  Қарағанды қаласындағы  " Шығыс " базарында өрт — тактикалық оқу — жаттығу өткізілді. Құтқарушылар өртті  сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстарын орындау бойынша тактикалық тапсырмаларды орындады. Базар ерекше маңызды және өрт бойынша қауіпті обьектілердің кеңейтілген тізбесіне енгізілген. Сол себепті өрт туралы хабарлама түскен бойда 2 -ші өрт дәрежесі бойынша техниканы автоматты түрде техниканы автоматты түрде оқиға орнына жөнелту көзделген болатын. Мұндай оқу — жаттығудың мақсаты бөлімшелердің өрттерді жоғары деңгейде сөндіруге қатысты дайындығын жетілдіру және қолдау, бөлімшелердің жеке құрамын өрт сөндіргіш құралдармен  қамтамасыз ету, сонымен қатар өртті сөндіру бойынша обьект қызметтерінің өзара іс — қимылын үйрету болған еді. Оқу — жаттығудың тактикалық жоспары бойынша сауда үшін жабдықталған контейнерлердің  бірінде заттардың тұтануы орын алған болатын. Өртті алғаш болып байқаған күзетші көмекке шақыру үшін  101 нөміріне қоңырау шалып төтенше жағдай туралы хабарлаған. Өрт шыққан аумаққа жеткен бөлімшелердің өрт сөндіруші мамандары тілсіз жауды жою бойынша іс — шаралар жүргізуге кірісті. Төтенше жағдайлар мамандары контейнерде тұтанып жалындап кеткен апатты әрі қарай ушықтырмау үшін санаулы уақыт ішінде жіті қимылдап тілсіз жаумен алысты. Оқу — жаттығу жұмыстарына Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 25 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған болатын. Оқу — жаттығу жұмыстарының жүргізілу барысын қадағалаған  бақылаушы өкілдер құтқарушылар өрт — тактикалық жаттығуда алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындады деген ұйғарымға келді. Оқу жаттығу жұмыстары аяқталып өз мәресіне жеткен соң  оқу — жаттығу жетекшісі жаттығудың барлық қатысушыларымен келген күштердің жеке құрамының, сонымен қатар нысанның жеке құрамының іс — әрекетіне жан — жақты талдау жасап шықты. Өртті ауыздықтау жұмыстарының соңында жаттығу жетекшісі шараға қатысқан барлық мамандарға алғыс білдіріп шыққан болатын. Әрі оқу — жаттығу барысында жедел әрекет етіп қарым — қабілетін барынша толық орындап шыққан өрт сөндірушілердің  шебер іс — қимылдары да назардан тыс қалған жоқ. Төтенше жағдайлар саласының мамандары апатты жағдай кезінде әр санаулы секунттың маңызды екенін ұқтырды. Өйткені мамандар  осындай аздаған уақыттың өзі апатқа тап болған  жанның өмірін құтқарып қалу үшін өзекті болып қалатынын  көрсетті. Жалпы Базар аумағы халық көп шоғырланған  бөлік болғандықтан мұндай жерде тілсіз жауды ауыздықтаудың өзі оңай болмайтыны сөзсіз.

Төтенше жағдайлар саласының мамандары қиын да қауырт жұмыста жүретін  өрт сөндірушілер үшін  мұндай тактикалық оқу — жаттығуларды  жиі өткізіп тұрудың қажет екенін айтады. Өйткені кез келген маманға нәтижелі еңбек ету үшін алдымен тәжірбие керек. Ал тәжірбие күнделікті жұмыс барысында және осындай оқу жаттығулардың арқасында келетіні сөзсіз.

Тегтер: