Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:00

Санкт-Петербургте үндістандық еңбек мигранттары жұмысқа кірісті

Үндістан мигрант
Фото: ЖИ / Жас Алаш

Санкт-Петербургте Үндістаннан келген еңбек мигранттары алғашқы рет коммуналдық қызмет саласында жұмысқа кірісті. 

 Бұл – жұмыс күші тапшылығын жою мақсатында тәжірибелік жобаны жүзеге асыру аясында жасалып отырған қадам. 

Приморский ауданында үндістандықтар қала көшелерін тазалау жұмыстарын атқарып жатыр. Жұмысшылар арнайы формамен және Үндістан мен Ресей тудың белгісі бар шеврондармен қамтамасыз етілген. 

Бұл топта барлығы 17 үндістандық мигрант бар, оларды жергілікті жол-күреу қоғамы «Коломяжское» жалдаған. 

Журналистердің дерегіне қарағанда, жұмысшылардың еңбекақысө шамамен 100 000 рубльды құрайды. 

Бұл тәжірибелік жоба аясында үндістандық жұмысшылар арнайы іріктеу, тіл және кәсіби дайындықтан өткен. 

Ресейде еңбек ресурстары тапшылығы күрт сезіліп жатқандықтан Үндістаннан келген жұмысшыларды тарту ел экономикасында жұмыс күшін толықтыруға бағытталған кеңірек үрдістің бөлігі болып отыр. Сарапшылар мәліметінше, болашақта еңбек мигранттарының саны артуы ықтимал.